Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалы облыс тұрғындарына қандай медициналық профилактикалық тексерулер қолжетімді екендігін айтты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын скринингтік тексерулерді, профилактикалық медициналық тексерулерді қаржыландыруға қаражат бөледі. Биыл бұл мақсаттарға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мысалы, балалар кәмелетке толғанға дейін жыл сайын профилактикалық тексеруден өтеді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері және 18 жасқа дейінгі студенттер білім беру ұйымдарында тексеріледі. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі. Бұл мақсаттарға 587 миллион теңгеге жуық қаражат жоспарланған. 0 жастан 5 жасқа дейінгі балалар денсаулығы мен дамуын кешенді тексеруді көздейтін жоспарлы іс-шаралармен қамтылады.

Медициналық тексерудің негізгі міндеті – мүмкін болатын аурулар мен патологияларды анықтау, баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалау, сондай-ақ аурулардың алдын алу және оларға ықтимал бейімділікті анықтау. Биылғы жылы кішкентай абайлықтар үшін бұл мақсаттарға Қор активтерінен 526 миллион теңге бөлінеді.

Скринингтерге келетін болсақ, зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз негізінде динамикалық бақылауға алынбаған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер. Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер, В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау

«Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген. Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады», —дейді Абай облысы бойынша ӘМСҚ филиалында.

«Ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінеді. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге 119 млн теңге қарастырылған, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында 416 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Ауыл тұрғындарын медициналық тексерулермен және скринингтік тексерулермен қамту мақсатында ауылдық емдеу мекемелері мен жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы күшейтілмек», – деді Абай облысы ӘМСҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button