Семейде мұз лабиринті қиралды

Семейдегі мұз лабиринті бір ай тұрған жоқ. Оған не болды деген сұраққа әкімдік үнсіздік танытуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семейдің орталық алаңында орналасқан мұз лабиринті бүгіндері қиратылған. Әлеуметтік желілерде семейліктер қираған мұз блоктарының кадрларымен бөлісуде.
Естеріңізге сала кетейік, семейліктерге мұз лабиринті өткен жылдың қараша айында уәде етілген болатын. Содан кейін әкімдік лабиринттен басқа, желтоқсан айында алаңда сырғанақ, мұз айдыны және мұз қалашығы пайда болады деп сендірді. Алайда, уәде етілгеннен қала тұрғындары тек сырғанақ пен мұз айдынын ғана көрді.
Қалалық басшылықта мұз қалашығынан бас тартуға шешім қабылдады, бірақ олар оның орнына мұздан жасалған лабиринт орнатуға кірісті. Бұл қаңтар айының ортасы болды.
Біраз уақыт бұрын қаншама күш, қаражат жұмсалып, лабиринт аяқталды. Мұз құрылымы балаларға ұнады. Ал бүгіндері әлеуметтік желілер қираған мұз лабиринтінің суреттеріне толы.
Әкімдік өкілдері бұл жағдайға түсініктеме бермеуде.
Semeynews.kz