Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының полицейлері ардагерді мерейтойымен құттықтады

Абай облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров  ІІМ ардагері отставкадағы милиция полковнигі Фахреев Зариф Гарифұлын  70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еңбек жолын 1973 жылы бастаған Зариф Гарифұлы 35 жылдан астам уақыт ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып, 2005 жылы Семей қ. Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан құрметті демалысқа шықты.

«Сіз қоғамдық тәртіпті сақтау,қылмысқа қарсы күрес саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еттіңіз. Біліміңізді, тәжірибеңізді қоғамдық  тәртіпті   сақтау саласына арнап,  абыройлы қызмет атқардыңыз. Семей қаласы Полиция басқармасында басшылық лауазымдарда болғанда  жас мамандарды тәрбиелеуге сүбелі үлес қостыңыз.

Осы еңбегіңіз бен адал қызметіңіздің арқасында абырой биігіне көтеріліп ІІМ тарапынан көптеген  марапаттарға ие болдыңыз»- дей келе Департамент бастығының орынбасары отставкадағы милиция полковнигіне қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күреске арнаған  тамаша жұмысы үшін алғыс білдіріп,  зор денсаулық, немерелері мен шөберелерінің қуанышына бөленіп, бақытты ғұмыр кешуін тіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button