Семей қаласының Перинаталдық орталығында шала туылған нәрестелердегі ретинопатияны емдеу қолға алынды

Бұл ағымдағы жылы орнатылған бірегей офтальмологиялық жабдықтың арқасында мүмкін болып отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының Перинаталдық орталығында орнатылған жаңа қондырғы мерзімінен ерте өмірге келген шақалақтарда жиі кездесетін ретинопатияны тез анықтап, емдеуге көмектеседі.
Орталықтың неонаталдық қызмет меңгерушісі Гүлжазира Дүйсекенованың айтуынша, шала туылған нәрестелерді мүгедектікке әкелетін ретинопатия неврологиялық патологиядан кейін екінші орында тұр.
«Біздің перинаталдық орталықта бұрын мұндай ота түрін жасауға мүмкіндік болмаған, сондықтан олар кішкентай науқастарын басқа емдеу мекемелеріне апаруға мәжбүр болды. Офтальмологтар ретинопатияны емдеу алғашқы бірнеше сағаттар, тіпті минуттар ішінде қолға алынуы тиіс шара екендігін айтады. Бүгінгі күні көз торының лазерлік коагуляциясы соқырлықтан сақтай алатын белсенді ретинопатияны емдеудің жалғыз жалпы қабылданған әдісі болып табылады. Көздің торлы қабығының бұзылуын болдырмау үшін дәрігерге тек 24 пен 72 сағат аралығында беріледі. Уақыт жоғалса, балаға көмектесу екіталай», – дейді Гүлжазира Дүйсекенова.
Енді Перинаталдық орталық мамандары кішкентай науқастарын жүздеген шақырымға басқа қалаларға жібермейтін болады. Бұл үшін дәрігерлерге «АЯЛА» қайырымдылық қоры сыйға CPAP аппараты мен офтальмоскоп сыйға тартты. Замануи қондырғы қазір ретинопатия диагнозы бар жаңа туған нәрестелерді емдеу үшін қолданылады.
«Олар біздің орталықтың базасында толыққанды ем алады және дені сау балалардан еш айырмашылығы болмайды – олар бұл әлемді өз көздерімен көреді», – дейді орталық мамандары.
Айтпақшы, медициналық мекеме жыл басынан бері қауіп тобындағы 30 балаға тексеру жүргізіп, ретинопатия диагнозымен 9 бала анықталғанын, оның ішінде 4 кішкентай науқасқа ота жүргізілгендігін жеткізді.
Айта кету керек, бұл көмектер кепілдендірілген медициналық көмек және МӘМС аясында Қордың активтерінен қаржыландырылады.
Semeynews.kz