Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында монша кешеніндегі өрттен адамдар зардап шекті

Абай облысында монша кешеніндегі өрт кезінде екі адам зардап шекті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ТЖД ақпаратына сәйкес, оқиға 10 ақпан күні сағат 19:00 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде болған.

“Алдын ала болжам бойынша, жеке тұрған газгольдер үй-жайында газ ағып, жақын маңдағы қазандыққа тараған. Қызыл жалын жалпы 75 шаршы метр аумақты шарпыды”, – делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button