Семейлік дәрігерлер Түркияға барады

Семей медицина университетінің білікті, тәжірибелі дәрігерлері Түркияға барады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Университет ректоры А.Дюсуповтың шешімімен университеттің білікті дәрігерлері жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін Түркияға барады.
Олардың ішінде:
Б.С.Буланов атындағы жүрек-қан тамырлары және кеуде хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Ангиохирург (тамырлы хирург) – Мерей Нұриденұлы Иманбаев,
және
Шұғыл медицина кафедрасының доцентінің м. а., жоғары санатты терапевт дәрігер, пульмонолог – Жанар Маратқызы Оразалина;
Шұғыл медицина кафедрасының ассистенті, жоғары санатты хирург – Мирлан Қайртайұлы Хакимов;
Кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер-терапевт – Жүніспекова Айсұлу Сәрсенғазықызы;
Әскери даярлық кафедрасының меңгерушісі, медициналық қызмет полковнигі – Шыңғыс Оразмұхаметұлы Орынбасаров;
Госпитальдық хирургия, Анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер, анестезиолог – реаниматолог – Альпищева Сәуле Владимировна;
Жоғары санатты хирург – дәрігер, докторант – Жасұлан Ошанұлы Қожахметов.
Осылайша, университет ұжымы бауырлас түрік халқына көңіл айтады және ел үшін осындай қайғылы уақытта көмек қолын созады.
Semeynews.kz