Абай облысыБизнесҚоғамСемейТОП
Семей тауар өндірушілері өз өнімдерін “From Semey”көрмесінде ұсынады

2023 жылдың 10 ақпанында Семей политехникалық колледжінде “Ғrom Semey” көрмесі өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz .
Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің хабарлауынша, көрмеде жергілікті тауар өндірушілердің 30-дан астам кәсіпорны тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластик, металл, құрылыс және басқа да өнімдерін ұсынатын болады.
Көрме сағат 10:30-да ашылады және сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Өтетін орны: Посмаков көшесі, 70.
Кіру тегін.
Өз өнімдерін ұсынғысы келетін кәсіпкерлер Кәсіпкерлік бөліміне хабарласуларына болады.
Анықтама телефондары: 8-701-560-44-06, 8-702-074-57-02, 8-778-248-64-97.
Semeynews.kz