Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейдегі барлық су басқан аулаларды қалалық әкімдік қалпына келтіреді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жеделхат-арнада қала басшысы Нұрбола Нұрсағатовтың қала тұрғындарына үндеуі жарияланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Кәріз коллекторында болған оқиғаға байланысты кешеден бастап апат салдарын толық жоюға дейін қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жеке үйлердің аумағынан суды үздіксіз шығарылуда, шамамен 3000 м3 су шығарылды. Жағдай әкімдіктің толық бақылауында.

Тұрғындарға апат салдарынан су басқан аулаларды Семей қаласының әкімдігі толық қалпына келтіретінін хабарлаймын».

Еске сала кетейік, кеше, 6 ақпанда d-1200 мм кәріз коллекторында төтенше жағдай орын алды. Коллектор тақтасының бітелуі немесе сынуы орын алды, нәтижесінде Би-Боранбай көшесінің бойында “Цементник” стадионының ауданы және жеке үй құрылыстарының бірнеше аумағын су басқанын хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button