Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Белгісіз адам Семейдегі сот ғимаратында бомба салынғанын хабарлады

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында ” 102 “арнасына белгісіз адамнан облыс орталығының сотына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Электрондық поштаға анонимді дереккөз хабарлағандай, соттың әкімшілік ғимаратта бомба орнатылған.

Азаматтарды сот ғимаратынан эвакуациялап, барлық шұғыл қызметтер дереу аталған жерге жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Абай облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button