Абай облысыҚоғамСемейТағайындауларТОП

Абай облысы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Лауазымға Нұрлан Қыдырбаев тағайындалды. Департамент басшысын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов таныстырды.

Өңір басшысы Нұрлан Қыдырбаевқа сыбайлас жемқорлықпен күресте жемісті жұмыс тіледі.

– Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмаларын орындап, қоғамдық тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесе үлес қосатынымызға сенімдімін, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жиналғандарды Нұрлан Қыдырбаевтың еңбек жолымен таныстырып өтті.

Нұрлан Сұлтанұлы Қыдырбаев 1967 жылы 01 мамырда Қызылорда облысының Қандоз ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Мәскеу теміржол және көлік инженерлері институтын, 2001 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетін тәмамдаған.

1993 жылдан 2018 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылдан 2022 жылға дейін агенттіктің Нұрсұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button