Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде көлік шұңқырға құлап кетті

Семейде су арнасын жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қабанбай батыр көшесіндегі жол учаскесінде ВАЗ 2104 көлігі шұңқырға құлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмаған, нәтижесінде автокөлік су құбыры желілері жөнделген шұңқырға құлаған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл істің барлық мән-жайлары анықталуда.
Жөндеу жұмыстары екі күннен кейін аяқталады.
Semeynews.kz