Абай облысыӘлеуметҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының кешенді жоспары қалай жүзеге асырылады

Абай облысын дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын жеделдетуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаев өңірдің БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz

Облысты дамытудың Кешенді жоспарында барлығы 9 бағыт бойынша 102 іс-шара қарастырылған.

Өнеркәсіпті дамыту бойынша-8 іс-шара, оның ішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысы және “Айдарлы” мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру.

АӨК саласында 13 жоба іске асырылатын болады: Семейде ет өңдеу комбинатын, суару жүйелерін, Бесқарағай және Жарма аудандарында сүт-тауар фермаларын салу.

Туризмді дамыту бөлігінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасын салу жоспарланған.

Біздің облыстың транзиттік-көліктік инфрақұрылымы да дамитын болады: КПР-ға 9 іс-шара енгізілді. Бұл “Аягөз-бақты-Қытай шекарасы” учаскесінде теміржол салу, логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семей қаласындағы аспалы көпірді қайта жаңарту.

  • Президент қалада заманауи ЖЭО салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, барлық инженерлік желілерді – су құбыры, жылу және электр желілерін, кәріз – тазарту құрылыстарын жөндеу және жақсарту жоспары бар. Бұдан басқа, логистикаға көп көңіл бөлінетін болады – “құрғақ” порт салу, 2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Бірақ үлкен жұмыс күтіп тұрғанын түсіну керек – жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау. Басынан бастап іске асыруға дейін уақыт қажет, – деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Образования️білім беру саласында авариялық, саманнан және тозығы жеткен мектептерді жою үшін 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп салу жоспарлануда (Үржар ауданында – 2, Жарма ауданында – 2, Ақсуат ауданында – 1, Бесқарағай ауданында – 1).

Денсаулық сақтау саласында 2028 жылға дейін 7 медициналық нысанның құрылысы көзделген.

Мәдениет және спорт саласында 8 мәдениет нысаны, 1 жүзу бассейні және 5 спорт модулінің құрылысы жоспарланған.

  • Өздеріңіз білетіндей, жақында Семейде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Жақын арада облыста тағы екі орталық ашылады, – деп тоқталды Нұрлан Ұранхаев.

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін ҚТҚ полигонын салу және жаңғырту жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button