Абай облысыАрхитектураҚоғамҚұрылысСемейТОП
Семейде жаңа қоғамдық кеңістіктер құрылады
Биыл Семей қаласында бірнеше қоғамдық кеңістікті пайдалануға беру жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кеше қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов бөлім басшыларымен және сәулетшілермен бірлесіп, қоғамдық кеңістікті орнату үшін қолайлы орын табу мақсатында қаланы аралады. Қала әкімінің жұмыс сапарына коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Қаладағы қоғамдық кеңістік заманауи сәулет дизайнымен жобаланады деп күтілуде. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама және қоғамдық кеңістіктің дизайны әзірленуде.
Жақын арада қала әкімдігінің ресми парақшасында қоғамдық кеңістік пен дизайн үлгісі орналастырылатын орындардың атауы жарияланады.
Semeynews.kz