Семейде сарбаз болам деушілерге арнайы экскурсия өтті
Ұлтық ұлан Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде «AMANAT» партиясы және «Жастар Рухы» жеке құрамымен бірлесіп «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларына «Сарбаз болғым келеді!» атты арнайы ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Танымдық шараға Өскемен қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 мектебінің 7 кадет сыныбынан құралған 19 оқушы қатысты.
Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Серік Ноғаев оқушыларға әскери бөлімнің өмірі мен атқаратын жауынгерлік қызметтері жайында түсіндipiп, алдағы уақытта әскерге келем деушілерге қызықты мағлұматтарымен бөлicтi. Сондай ақ, оқушылар әскери бөлімнің мұражайында болып, офицерлерлер заманауи қару-жарақтармен таныстырып, әскери арнайы жасақт техникаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Semeynews.kz