ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Семей қаласының полиция басқармасына 45 жастағы семейлік әйел жүгінді, ол өткен жылдың маусым айының ортасында бейтаныс жігіт алдап үйіне кіріп оның алтын алқасын, ерлерге арналған алтын білезігін және 585 сынамалы 2 жұп алтын сырғасын иемденгенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.