Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті

Семейлік тұрғын мүгедектігі бар адамның ақшасын тартып алған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қаңтар күні полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 – бабы 1-бөлігі “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button