Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында тәртіп сақшылары босанбақ болған әйелге ауруханаға уақытында жетуге көмектесті

Патрульдік полиция батальонының полицейлері Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында қоғамдық тәртіпті сақтауда жүргенде жүкті әйелдің ауруханаға жетуіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Айдар Айтжанұлы Әбутхановқа жас жігіт келіп жүгінген, полиция қызметкері сол сәтте қызмет атқару бекеттерін тексеріп жүрген. Ер адам қызметкерлерден оның көлігін перзентханаға дейін алып жүруді өтінеді, өйткені көлігінде босанбақ болған жұбайы болған. Қала орталығында кептеліс пайда болғандықтан, әйелін ауруханаға жеткізуге уақыты тапшы болған.

Кез келген кідіріс ана мен болашақ баланың денсаулығына қауіп төндіретінін түсінген тәртіп сақшылары арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды қолдана отырып, оларды перзентханаға жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button