Семей қаласы бойынша түнгі рейд: 13 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды
Өткен демалыс күндері Семей полицейлері қала тұрғындарының құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығының түнгі ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бәрімізге белгілі, демалыс күндері түнгі мекемелерде жастардың көп жиналуы байқалады.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүргендері үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына – 3 қараусыз жасөспірім орналастырылды. Түнгі мекемелердің 4 әкімшісі мен басшыларына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша балалар мен жасөспірімдер мұндай қоғамдық орындарға сағат 22.00-ден кейін тек ересектердің бірге жүруімен ғана бара алатынын еске салады.
Semeynews.kz