“Ғаббасов” қазандығында жөндеу жұмыстары жалғасуда

Сенбіден жексенбіге қараған түні минус 36 градус аяз болды. Көпқабатты үйлердің тұрғындары дабылды бірінші болып соқты, себебі қала орталығында орналасқан үйлер айтарлықтай суып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кейінірек анықталғандай, электрмен жабдықтаушы ұйым тарапынан электр энергиясын ажырату нәтижесінде “Ғаббасов” қазандығында ақау болды, ал он бес минуттан кейін екі қазандық агрегатының біреуі істен шықты.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жексенбіде негізгі электр схемасын қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал жұмыстарды аяқтаудың болжамды уақыты — сағат 18:00. Кешке қарай қалыпты жылу беру түн ортасында қайта басталады деген жаңа хабарлама пайда болды. Бірақ дүйсенбі күні таңертең үйлерде жылу болған жоқ. Ал қала әкімдігі жаңа хабарлама таратты: “Ғаббасов” қазандығының электр бөлігі қосылды. Қазіргі уақытта резервтік желілік сорғыны жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қосымша ақаулардың алдын алу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Түстен кейін жылу параметрлері көтеріледі деп күтілуде. 23 қаңтарда “Ғаббасов” қазандығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 1 ауысымдағы 1, 31 мектептеріндегі және 6 гимназиядағы сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ал бірінші ауысым екі сабақ оқып, содан кейін барлығы үйлеріне қайтарылды.
“Ғаббасов” қазандығы 66 көпқабатты үйді және “алтын алаң” деп аталатын 138 жеке үйді жылытады, ауданда әкімшілік ғимараттар, оның ішінде облыстық әкімдік бар.
Semeynews.kz