Семей әкімі Шаған кентіне және Жиенәлі ауылдық округіне барды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шаған кентіне және Жиенәлі ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала әкімі ең алдымен Чаган кентінің әкімдігіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Тұрғындар қала әкімінен макарон цехын ашып беруді және шабындық жер сұрады. Себебі, кентте жер телімдері жоқ. Халықтың әкімге қойған ең өзекті мәселесі- кентке “ауыл” мәртебесін алу. Себебі, “Ауыл – ел бесігі” жобасына қатыса алмағандықтан, ауылға бөлінетін бюджет қаражатына өтінім бере алмай отыр.
Сонымен қатар, қала әкімі кенттегі бірнеше нысандарды аралады. Кент әкімі мекендегі медициналық пунктің жөндеу жұмыстарына шағымданды. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сол салаға жауапты орынбасарына мәселені шешуді тапсырды.
Шаған кентінің әкімдігі жұмысындағы негізгі басымдық халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдық жерлерде қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау болып табылады. Ауылда 552 адам тұрады.
Жиенәлі ауылдық округіне қарасты 2 елді мекен бар Бөкенші ауылы және Маралды ауылы. Округтегі халық саны 820 адам, 189 аула тіркелген,(Бөкеншіде 158, Маралды ауылында 31 аула бар.
Қала әкімі ең алдымен ауылдағы мектепке барды. Мектептің биыл терезелерін ауыстырып, күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ауылдың әкімідік ғимаратында бірнеше тұрғын қала әкіміне өз сұрақтарын қойды.
Тұрғындардың көбі – жайылымдық жердің аздығына наразы екендіктерін жеткізді. Қала әкімі ауылшаруашылық басқармасымен ақылдасып, жайылымдық жерлерді қарастыратынын мәлімдеді.
Биыл Бөкенші ауылынын қалған көшелелерін жарықтандыру, қар ұстауға арналған қоршау құрылғысын орнату, воркаут жасау мен Маралды ауылына кіре беріс жолды кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Semeynews.kz