2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ?
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер.
ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР
- Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек;
- Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
- е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
- Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
- ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.
АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
- Өтінім;
- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
- Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
- Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
- Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.
Semeynews.kz