Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті
Кездесуге Шығыс кентінің белсенділерімен қатар, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары да қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиын барысында ең көп қойылған сұрақ – қоғамдық көлік мәселесі болды. Қала әкімі: “Қалада қоғамдық мәселесі- өте өзекті. Шығыс кентінде ғана емес, барлық маршруттарда да автобустар аз. Дүйсенбі күні тасымалдаушы кәсіпорындармен жиналыс өткіземін. Мүмкіндіктерді қарастырамын”,- деді.
Белсенділер қала әкімінен қоғамдық кеңістік салып беруді де өтінді. Қала әкімі: “Шығыс кентінің аумағы өте үлкен болғандықтан, биыл сіздерге парк салып береміз. Нақты қай жерде болатынын анықтап жатырмыз”,- деді.
Кент тұрғындары электр желісіне көп қаражат жұмсайтындығын, “ВК РЭК” қарамағына енгізуді сұрады. Қала әкімі: “Бұрын бұл жерде саяжай болған. Сондықтан әр үйге 5 килловат электр желісін тартуға ғана рұқсат беретін. Бұл мәселе ұзақ уақытты талап етеді”,- деді.
Сонымен қатар,қоқыс, су мәселесі, қаңғыбас иттердің көптігі сынды мәселер де көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтарға жауап берді.
Semeynews.kz