ШҚОТОП

Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді

2021 жылғы 12 мамырда 14 сағат 30 минутта Риддер қаласындағы 272,4 га орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, сөндірілген өрт алаңы – 287,4 га, соның ішінде 272,4 га – орман аймағы.

Өрт 2021 жылғы 10 мамырда 13 сағат 55 минутта Шығыс Қазақстанда, Риддер қаласының Лесхоз ауылының әкімшілік аумағында басталды, бастапқыда шөп өртеніп, соңынан орманға жайылған. 20 м/с соққан жел салдарынан өрт өршіп, 5 көшедегі 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және 7 учаскедегі шаруашылық құрылыстары, сондай-ақ ТҚО орынжайы өртенген.

Өртенген үйлерде 72 адам тұрған, олардың ішінде 11 бала, 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйіне орналастырылды. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 493 адам, 69 бірліктегі техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Риддер қаласы әкімінің қаулысымен жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Материалдық шығынды анықтау мақсатында қалалық әкімдікте зардап шеккен тұрғын үйлерге сараптама жүргізу үшін комиссия жұмысы ұйымдастырылды.

Тұрғындарға көмек көрсету сұрағы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тұрақты бақылауында.

Өрт фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 204-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ШҚО ТЖД тұрғындарды өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button