Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейдің орталық алаңында мұз лабиринтінің құрылысы басталды

Мұзды фигуралар қаласы семейліктерге Жаңа жылға дейін уәде етілген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бірақ содан кейін алаңға тек субұрқақтың айналасына мұз айдыны құйылып, сырғанақ орнатылды. Бірнеше күннен бері жұмысшылар мұзды кірпіштен лабиринт жасауда.
Маңайынан өткен тұрғындар бұл не болады деп аң-таң: “Үй салуға кеш емес пе? Көктем болса келіп қалды! Шыршаны алып тастайтын кез келді”, – дейді қала тұрғыны.
Тағы бір тұрғын – “Қытайлық Жаңа жылға дайындалып жатырмыз ба?”,- деп сұрауда.
Semeynews.kz