Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде 30 жастағы ер адам бір айға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр

2022 жылғы 27 желтоқсаннан бастап полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіруде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Алтай Болатовтың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп жатыр. Ер адамның психикалық ауытқуы бар болғандықтан, есін білмеуі мүмкін.

Жоғалған адамды іздестіруге 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.

Іздестіру шаралары Затон және Мирный аудандарында жүргізіліп жатыр.

Егер сіз осы суреттегі ер адамның орналасқан жерін білсеңіз “102” арнасына хабарлауды сұраймыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button