Қарағандыдан келген мал ұрысы Абай облысында ұсталды

Қарағанды облысынан келген мал ұрысын Абай облысының полицейлері қолға түсірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың 2 желтоқсанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ-ға Алғабас ауылының 52 жастағы тұрғыны жүгініп, 2022 жылдың 14 қарашасында ауылдың шетінде орналасқан еркін жайылымнан 31 бас жылқысы жоғалып кеткенін хабарлады. Келтірілген залал сомасы 12 000 000 теңгені құрайды.
“Әуезов ПБ жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды облысының 44 жастағы тұрғынының 31 бас жылқыны ұрлап әкеткені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 – бабы – 4-бөлігі – “Мал ұрлығы” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.Сонымен, ЖПІШ басталғаннан бері мал ұрлығының 6 фактісі анықталды, оның 1-і ізін суытпай ашылды, ұрланған мал саны 15 басты құрайды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 9 млн. теңгеден асады”, – делінген ведомство ақпаратында.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 122 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 131 бас иесіз жайылып жүрген мал айыппұл тұрағына қамалғанын еске сала кетейік.
Semeynews.kz