Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Биылғы жылы Семейде 70 аула абаттандырылады

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларымен, “Семей Водоканал” және “Теплокоммунэнерго” КММ өкілдерімен бірлесіп, оларды абаттандыру мәселелері бойынша қаланың тұрғын үй аулаларына барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Биыл біз 70-ке жуық ауланы кешенді түрде аббаттандырамыз. Бұл біз тек 2 сырғанақ қоямыз дегенді білдірмейді. Біз ауланы жасамас бұрын оның астындағы желіні өзгертеміз. Себебі басты мәселе, сіздер білесіздер, біз абаттандыру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, желілерде апаттар орын алулары байқалады, содан кейін қайтадан қазу қажет болады. Осыған байланысты біз 70 ауланың желілерін ауыстыруға қаржы бөлдік, содан кейін біз толығымен асфальттайтын боламыз, оның ішінде тұрақ орындары, жарықтандыру, ауланы абаттандыру. Онда ағаштарды тәждеуіміз қажет”, – деді қала әкімі журналистермен сұхбатында.

Осыған байланысты бүгін қала әкімі тұрғын үйлердің аулаларындағы су және жылу желілерінің жай – күйін тексеруді тапсырды. Семей қаласында 576 аула бар. Олардың 90% – ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Биыл 70 аула аумағын күрделі жөндеу, сондай-ақ жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button