Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
️Семейлік Бонни мен Клайд
Семей қаласы, Беляева көшесі мекенжайы бойынша орналасқан “Дина” дүкенінде белгісіз тұлғалардың қуаттағышты ұрлау фактісі бойынша әлеуметтік желілерде видео таратылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер кінәлі адамдарды анықтап, ұстады, олар бұрын сотталмаған қыз бен жігіт, олардан осы факті бойынша жауап алу кезінде мойындау айғақтарын берді.
Semeynews.kz