Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болды

Абай облысында Семей-Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 13:30-да 111/87 км. Семей-Өскемен тас жолында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодексінің  201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге ​​жатпайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button