Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП
Семейде ЖЭО құрылысының келешегі талқыланды

Абай облысының әкімшілік орталығында – Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Мetag Holding өкілдерімен ЖЭО салу перспективаларын талқылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Компания Fortune 500 Turkey рейтингіне кіреді және ірі инфрақұрылымдық жобаларды (жолдар, әуежайлар, теңіз порттары, ЖЭО, ГЭС) салуға және басқаруға маманданған. Инвесторлар ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
ҰБТ-біз шетелдік компаниялармен тікелей ынтымақтастықты және өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды құру үшін жағдай жасауға дайынбыз, – деп атап өтті өңір басшысы Нұрлан Уранхаев.
Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Абай облысына сапары барысында Семейде жаңа ЖЭО салуды тапсырған болатын.
Semeynews.kz.