Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Алакөлде суға батып кеткен жүргізушінің денесі табылды

Суға батқан жүргізушінің денесін Алакөл көлінде сүңгуір құтқарушылар тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен болатын. Мұз жамылғысының жарылуы нәтижесінде көлік су астына батты. Көлікте отырған жолаушы көліктен шығып үлгерді, өкінішке орай жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті.
Жұмыс барысында ағымдағы жылдың 14 қаңтарында таңертең сағат 11:00 шамасында Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен шығарды.
ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының ҚОҚ 4 адам 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.
Semeynews.kz