Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Абай облысынан 3 кандидат сайлауға түсуде
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Абай облысынан 3 кандидат сайлауға түседі.
– “Востокцветмет” ЖШС Орел комбинатының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы – Апенов Кималидин Сағалбайұлы;
– “Эйкос” ЖШС даму жөніндегі директоры – Маслова Ангела Владимировна;
– Семей қаласының құрылыс колледжінің директоры – Тастекеев Қайрат Құлбайұлы.
Абай облысында сағат 11:09-дағы жағдай бойынша барлығы 108 сайлаушы тіркелген.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша
Тастекеев Қайрат Құлбайұлы сайлаушылардың 89 дауысын жинады (дауыс беруге қатысқан 108 дауыстың ішінен) және Абай облысынан сенатор болады.
Semeynews.kz