Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде өртенген пәтерден төрт жасар бала құтқарылды

Баланың жаңдайы ауыр, дәрігерлердің бақылауында, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 02.01.2023 жылы сағат 17: 16-да “112” пультіне Шәкәрім көшесі 13-ші үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

№1 өрт сөндіру бөлімінен дереу 2 автоцистерна мен 1 автосатыр, жеке құрамның 8 адамы жіберілді.

Келіп жеткен кезде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдін 5-ші қабатында жеке заттар, жиһаздар, техника және терезе блогы жанғаны белгілі болды.

“Кіре берісте барлау жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы туған баланы құтқарып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, дәрігерлердің бақылауында”, – делінген ведомство хабарламасында.

Абай облыстық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!

Төтенше жағдай туындаған кезде “101” немесе “112”нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button