Семейде жаңа жыл қарсаңында 64 отбасы пәтер кілтін алды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы ықшам ауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Жаңа жыл қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 64 отбасы, көп балалы отбасылар мен жетім балалар қоныстанды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Бүгінде өз баспанасының иегері болған қала тұрғындарының қуанышын көру өте қуанышты. Осы жылдың қазан айында біз 64 пәтердің кілттерін табыстадық, бүгінде көптеген отбасылар қоныс тойын тойлауда. Осындай айтулы оқиғамен құттықтаймын. Жаңа жыл барлық семейліктер үшін сәтті өтсін, әр үйде көптеген қуанышты күндер болсын”, – деді қала әкімі.
Семей қаласының оң жағалауының бас жоспарына сәйкес Қарағайлы ықшам ауданында көппәтерлі үйлердің, оның ішінде әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл ықшам аудан сумен жабдықтау, кәріз, телекоммуникация, жылу және электр энергиясы желілерімен жабдықталған.
Қарағайлыда Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. 320 орындық балабақша және 5600 орындық “Арена” мәдени-спорт кешені бар.
Semeynews.kz