Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында таңбаланбаған алкогольдің ірі партиясы тәркіленді

Абай облысының орталығында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері таңбаланбаған алкогольдің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер заңсыз өндірілген алкогольдің ірі партияларын тасымалдау арнасын жолын кесті. Қылмыстық тауар кейіннен қайта сатуға арналған деп алдын-ала анықталған. Газельдің жүк бөлімінен полицейлер құрамында алкоголь бар сұйықтықтың 873 бөтелкесін тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалған акциздік таңбасы бар заңсыз алкоголь өнімі болып табылады.

Полицейлер алкоголь өнімін заңсыз сақтауға және тасымалдауға қатысы бар барлық адамдардың жеке басын, сондай-ақ оны сатып алу арналарын белгілейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button