Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Мәңгілік алауда аяқтарын жылытқан: Семейде үш жасөспірім бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

Желіде  Мәңгілік алаудың жанында аяқтарын жылытып, балағат сөздер айтып отырған үш жас жігіттің видеосы пайда болды. Роликтің авторы бұл Семей қаласында болғанын атап өтті. Бүгін Абай облысының полиция департаментінде болған оқиғаға түсініктеме берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

“Абай облыстық полиция департаментінде 26 желтоқсанда бұл факт Орталық полиция бөлімінің тіркеу кітабына тіркелгенін хабарлады. Кінәлі адамдар анықталды, олар 14-15 жас аралығындағы 3 жасөспірім, ата-аналарына қатыстыҚР ӘҚК 435-бабы “Бұзақылық” бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Құқық бұзушылық іс жүргізу шешімін қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілетін болады. Осы баптың санкциясы жеті АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button