Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде 1-ЖЭО-да апат кезінде қол ұшын созған Абай гарнизонының әскери қызметшілері марапатталды

Семейде қала әкімінің орынбасары Данияр Кәрімов штаттан тыс жағдай туындаған кезде, 1-ЖЭО-да жұмыс істегені үшін әскери қызметшілерге алғыс айтып, оларға алғыс хаттар табыс етті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қаланың сол жағалауын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-дағы апатты жою үшін бір күн қажет болды. Осы уақытта “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 60 әскери қызметкері қатты отынды қолмен тиеді.

Жұмыс 20 адамнан тұратын үш ауысымда ұйымдастырылды, бұл тұрғын үйлерге үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етуге көмектесті.

  • Көшеде минус жиырма болған сәтте тұрғындарға көмектесу – біз жай міндеттіміз. Топтарға бөлініп, ауысыммен жұмыс істедік. Топта кейбіреулері шелектерге көмір тиесе, қалғандары қазандыққа қатты отынды лақтырып тұрды. Қала тұрғындарына қандай да болмасын көмек көрсеткеніме қуаныштымын, – деп бөлісті реактивті артиллериялық бригаданың батарея сержанты аға сержант Мадияр Бекенов.

Төтенше жағдайлар туындаған уақытта мінсіз қызмет көрсеткен әскерилерге Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Кәрімов қала әкімінің атынан алғыс хаттар табыстады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button