Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да мониторингтік топ жұмысы жалғасуда

Облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Semey News.

11 мамырда Семейде 315 нысанға тексеру жүргізілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 308 нысан қамтылды. Сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзудың 5 фактісі анықталды. Сомасы 43 755 теңгені құрайтын 1 хаттама толтырылды. 87 510 теңге сомасында 2 айыппұл өндірілді.

Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, мониторингтік топ 77 нысанға тексеру жүргізді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдындағы рейдте болған бұзушылық бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 43 755 теңгені құрайтын айппұл салынды.

Бесқарағай ауданында 21 нысанда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша 5 рейд жүргізілді. Мониторинг барысында қатынастағы тұлғаның оқшаулау режімін бұзуның 1 фактісі анықталды.

Глубокое ауданында мониторингтік топпен 18 рейд жүргізілді, 121 нысан қамтылды, бір маскалық режімді бұзу анықталды, 43 755 теңгеге айыппұл толтырылды.

Сондай-ақ, рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Алтай, Зайсан, Үржар және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button