Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде “Жыл таңдауы – 2022” сыйлығымен жастар өкілдері марапатталды

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей жастарының үздік өкілдерін “Жыл таңдауы – 2022” сыйлығымен марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты шара басталар алдында Нұрбол Нұрсағатов іс-шараға қатысушылармен кездесу өткізіп, оларды жастардың өткен жылы қол жеткізген жоғары жетістіктерімен құттықтады.

“Біздің қаламызда осындай белсенді және талантты жастар бар екенін мақтан тұтамыз”, – деді қала әкімі.

Биылғы жылы әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты өкілдер арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

“Жыл таңдауы – 2022” сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды: “Жыл Студенті”, “Жыл еріктісі”, “Жылдың студенттік ұйымы”, “Жылдың жас журналисті”, “Жылдың жас мұғалімі”, “Жылдың жас дәрігері”, “Жылдың жас батыры”, “Жылдың жас қызметкері”, “Жылдың жас спортшысы”, “Жылдың жас таланты”, “Жылдың жас отбасы” және “Жылдың жас ауыл маманы”.

Салтанатты бөлімнен кейін марапаттау рәсіміне қатысушылар үшін концерт ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button