Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қалалық мәслихат сессиясы өтті

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың және Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен қалалық мәслихат сессиясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сессия күнтізбесіне сәйкес, экономика бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Алма Омарова, жұмыспен қамту әлеуметтің бағдарламалар және азаматтық хәл актілерін тіркеу бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Дильяра Шайжүнісова, Семей қаласы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Серік Жұмаділов баяндама оқыды.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттары қала әкімі Нұрбол Төлегенұлына қаланың инфрақұрылымына қатысты сұрақтарын қойды. Сәкесінше қала әкімі депутаттар қойған сұрақтарға жауап беріп, мәселер кезең- кезеңімен іске асатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ, мәслихат депутаты Еркебұлан Тұрсын “Абай жастары” бағдарламасын жүзеге асырғандығы үшін алғыс білдірді.

Мәслихат сессия барысында ең басты талқыланған мәселе – қалалалық бюджетті бекіту. Мәслихат депутаттары әр салаға бөлінетін қаражатты жіті талқылап, қала бюджетін бір ауыздан бекітті.

Күн тәртібінде талғыланған мәселелер:

1. Қалалық мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының  қызметі туралы есебі туралы;
2. Семей қаласы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
3. Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №20/129-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Семей қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы;
5. Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы;
6. Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы;
7. Семей қаласы әкімінің 2023 жылы халықпен кездесулердің икемді жылдық күнтізбесін келісу туралы;
8. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы      8 қаңтардағы №34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9. Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы;
10. Семей қаласы «Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
11. Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерін атқарудан босату туралы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button