Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде қоймадан кеспе мен майонез ұрлаған тұрғын ұсталды

Семей тұрғыны қоймадан кеспе мен майонезді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz @semey24-ке сілтеме жасап.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қ. ПБ “102” жедел арнасына қаланың 53 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адам аспалы құлыптың кілтін таңдау арқылы ашып, қоймаға кіріп, тамақ өнімдерін ұрлап әкеткенін хабарлаған. Ұрланған өнімдер – 2 қорап “Доширак” кеспесі, 2 қорап “Грито” кеспесі, 2 қорап “Қарлығаш” кеспесі, 1 қорап “Провансаль” майонезі. Залал сомасы 104 500 теңге.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 52 жастағы жұмыссыз ер адам жеткізілді. Жауап алу барысында ол мойындады.

ҚР ҚК – нің 188-бабы 3-бөлігі – “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button