Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында «Дін және Мемлекет» аймақтық семинары басталды

Семей қаласында Абай облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Дін және Мемлекет» атты аймақтық семинар басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Алғашқы пленарлық отырысты басқарма басшысы А. Садырбаев жүргізіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Шараға ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имамы — Асқар Әбітайұлы, Семей қаласы шіркеуінің қызметкері — Виталий Александрович, Республикалық АТТ мүшесі, теология ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбәрак» университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимылдар академиясы директорының орынбасары — Азамат Нұғманұлы, Республикалық АТТ мүшесі, «Парасат» кеңес беру әдістемелік орталығының директоры, психолог — Индира Қилымбекқызы, ЖОО және колледж директорларының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, қала және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, қала мен аудан әкімдіктерінің дін саласына жауапты мамандары мен ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button