Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Абай облысында мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қараша айының ортасында Бородулиха ауылының Тәуелсіздік көшесінде “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізу барысында Шемонаиха ауданының 55 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында алкогольдің өткір иісі шыққандықтан жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді.

Куәландыру нәтижесі ер адамның орташа алкогольдік масаң күйінде екенін көрсетті.

Анықтау барысында Шемонаиха қалалық сотының 2020 жылғы қазан айындағы шешімімен 55 жастағы жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Жүргізуші УҰИ-ға қамалып, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button