Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Биыл Семей алғаш рет 25 жылдан кейін облыс орталығы мәртебесінде Жаңа Жылды қарсы алуға дайындалып жатыр

Биыл Семей алғаш рет 25 жылдан кейін облыс орталығы мәртебесінде Жаңа Жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Санаулы күндерден кейін жыл қорытындысы шығарылады,- деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа жылдық атмосфера мен ерекше көңіл-күй қалыптастыру үшін қаланың басты көшелері қазір мерекелік гирляндалармен және түнгі жарықпен безендірілген.

Негізгі алаңдарда екі жағалау бойындағы балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылған. Қазақ ертегілерінің бірнеше мүсіндерін орнату жоспарлануда.

Семей қаласы әкімдігінің өтініші бойынша мультфильмдердің кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын Астана қаласының әкімдігі қаламыздың балансына берді. Мүсіндерді сатып алуға бюджеттен ақша бөлінбеді. Сыйға тартылған Мафтардың жалпы саны: 36 бірлік, оның 14-і қалада Жаңа жыл қарсаңында орнатылады. Қалған 22 этностиліндегі фигуралар Наурыз мерекесі қарсаңында қала ішінде болады.

Бұған дейін хабарланғандай, қала әкімдігі Ең үздік жаңа жылдық рәсімдеуге конкурс жариялады. Байқау нәтижелері жақын арада жарияланады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button