Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП
Семейдегі ЖЭО-да өрт болып, көмір беру жүйесі істен шықты
Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандықта құтқарушылар мен әскери қызметшілер көмірді қолмен салып жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«15 желтоқсанда сағат 00:34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz