Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде Абай облысының гарнизонына арнайы автомобильді өрт сөндіру техникасын тапсыру рәсімі өтті
15 желтоқсан күні Семей қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа өрт техникасының кілттерін табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс Әкімі жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, өрттерді сәтті жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектесетінін атап өтті.
- Бүгін өртке қарсы қызметті жарақтандыру мақсатында гарнизонға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық бюджеттен бөлінген жаңа өрт техникасы берілді. Бұл өрт сөндіру машиналары өртке қарсы жұмыстарға қажетті барлық заттармен жабдықталған, автоцистерналар заманауи техникалық талаптарға сәйкес жасалған, өртті сөндіруде сенімді және тиімді болып табылады. Құтқарушыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғастырылатын болады,- деп атап өтті Абай облысы ТЖД бастығы полковник Манарбек Шапағатов.
Semeynews.kz