Абай облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам мерт болды
Абай облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 11 желтоқсанда сағат 18:30 – да Бородулиха-Жезкент тас жолының 28/21 шақырымында Toyota Corolla маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Mark ІІ маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген.
“Жол – көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla маркалы автокөліктің жолаушысы алған дене жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды”, – деп түсіндірді ПД.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Semeynews.kz