Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семей-Өскемен тасжолы жабылды
Семей-Өскемен бағытындағы автожол боранға байланысты жабылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қарлы боранға, қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 18:40-тан бастап республикалық маңызы бар Семей-Өскемен тасжолының 10-154 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, Абай облысында облыстық маңызы бар «Дмитриевка-Бородулиха-Абай облысының шекарасы» тасжолының 0-72 шақырымында және «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Дмитриевка» тасжолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілгені хабарланған.
Semeynews.kz