Семейде қалтасына есірткі жасырған тұрғын ұсталды
Семей полицейлері қалтасына есірткі жасырған адамды ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қараша айында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізу барысында облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту барысында оның жеңсіз жейдесінің қалтасынан, сондай-ақ үйінен жасыл түсті зат бар полимерлі байлам мен 4 сіріңке қорабы табылып, тәркіленді.
“Сараптама қорытындысы бойынша ұсынылған заттар жалпы салмағы 48,76 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген ведомство ақпаратында.
Semeynews.kz