Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Семейде құбырдың жарылуына байланысты бірнеше үй жылусыз қалды

Семейде құбырдың жарылуына байланысты бірнеше үй жылумен жабдықтаудан ажыратылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

“2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11:40-та Ибраев/Қозбағаров көшелерінің қиылысында диаметрі 219 в магистральдық құбыр желісінің жарылуын жоюға байланысты Дулатов көшесі 135-үй, Қозбағаров көшесі 7, 9, 17, 24 үйлер, Ибраев көшесі 135-үй және Мұхамедханов көшесі 14, 14 Б үй, Қозбағаров көшесі 16-үй, Ибраев көшесі 130-үй мекенжайы бойынша орналасқан білім нысандары жылытудан ажыратылды.

Апатты жоюға 4 бірліктегі арнайы техника,  7 адам жұмылдырылды. Шамамен жою уақыты сағат 20:00” – делінген “Теплокоммунэнерго” МКК хабарламасында. ️ ️

Күні бұрын Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі жылыту маусымының басталуымен жылу желілерінде 147, жылу көздерінде 31 технологиялық ақаулар тіркелгенін таратқан болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button